Елордада «Еуразияның таза жағалауы» эко-акциясы өтеді

12 Маусым 2019, 14:22
2453
Бөлісу:
Елордада «Еуразияның таза жағалауы» эко-акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 маусымда елордада «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық экологиялық акциясын өткізу жоспарланып отыр. Ол қала аумағындағы су нысандарының жағдайын жақсартуға, қоршаған орта мен экологияның тазалығын сақтауға бағытталған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі Халықаралық көл өңірлері қауымдастығының (ХКӨҚ) бастамасын қолдау мақсатында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Let' s do it, Qazaq eli», Астана автоклубтар альянсымен бірлесіп 2019 жылдың 15 маусымында «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық акциясын және «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалысын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл күні барлық ниет білдірушілер көп көлемдегі қоқыстарды жинап, оны одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін бірлесе иық тірестіріп жұмыс жасайтын болады.

Экологиялық акция шеңберінде азаматтық бастамалар тазалықты сақтауға саналы көзқарасты ұштастыра отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, сондай-ақ қазіргі заманғы қоғамның тұрақты дамуында керемет табыстарға қол жеткізуге көмектеседі деп болжанып отыр.

Елордарың тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырады.

«Өйткені, біз әлемді экологиялық таза етіп, оның сұлулығын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға күш-жігеріміз бар!» - дейді акцияның ұйымдастырушылары.

Акцияның өткізу уақыты сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін. Қатысуға ниет білдірушілер толық ақпаратты (іс – шараның басталуы, орны) мына телефондар арқылы ала алады: 8 (7172) 55-75-74-Уәлихан, 55-75-77-Алмаз, +7 701 712 00 71 (ватсап) – Шасалим.

 

Өзгелердің жаңалығы