Елордада ерекше арт-нысандар қойылды

23 Тамыз 2020, 22:33
1426
Бөлісу:
Елордада ерекше арт-нысандар қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арт-нысандар арқасында көшелердің келбеті өзгеріп, қаланың кез келген бұрышына мән беріліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігі. 

Жарықтандыру, аялдамалар, спорт алаңдары, арт-нысандар, инсталляциялар мен жарық композициялары – заманауи мегаполистің өмірі қалалық ортаның осы элементтерімен тығыз байланысты.

Бүгінгі таңда елорданың көшелері мен жаппай демалыс орындары көше композициялары, инсталляциялармен безендірілген. Олардың тақырыптары отбасы қатынастарын, ұлттық мәдениетті дамытуға және жастарға мәдени тәрбие беруді насихаттауға бағытталған.

«Нұр-Сұлтан», «Ару» инсталляциялары, гүл пирамидалары мен текшелері, сәндік орындықтар, Абай мен Әл-Фараби бейнеленген жазық мүсіндер, шрифт композициясы мен гүл өрісі, жарықтандырылған ағаштар, орындықтар және басқа да арт-нысандар – осының бәрі астананың ажырамас бөлігіне айналды.

«Арқар» қоғамдық кеңістігі автомобиль жолының бойындағы өткелді тұрғындар үшін тартымды орынға айналдырды: арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, велосипед жолдары және баскетбол алаңдары пайда болды. Құрылған «Әткеншек орындық» нысандары қажетті атмосфераны қалыптастырады және қала тұрғындарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ішкі аула аумақтарын абаттандыруға, көріктендіруге, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде. Жалпы, биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады.

Тұрғын аудандарды қайта құру жұмыстары жалғасуда. Бос жатқан жерлердің орнына үлкен аулалар, саябақтар мен жайлы бульварлар салынуда.

Өзгелердің жаңалығы