Елордада енді жол ақысын QR-код арқылы төлеуге болмайтыны рас па

9 Қыркүйек 2022, 11:38
2988
Бөлісу:
Елордада енді жол ақысын QR-код арқылы төлеуге болмайтыны рас па

Мессенджерлерде елорда автобустарында QR-кодты сканерлеу арқылы жол жүру төлемі өшірілетіні туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Хабарламаларда 12 қыркүйектен бастап жол ақасын төлеу өзгеретіні жазылған
CTS баспасөз қызметі бұл ақпаратты жалған екенін мәлімдеді. QR-кодты сканерлеу арқылы қоғамдық көлікте жол жүру төлемі штаттық режимде жұмыс істейді және оны өшіру қаралмайды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.

Өзгелердің жаңалығы