Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

27 Ақпан 2022, 14:46
2007
Бөлісу:
Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақбұлақ» мұз айдынында «Ең ғажайып шана» байқауы өтті. Оған 23 отбасылық команда қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты, Алматы ауданының әкімдігі 5 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін «Ең ғажайып шана» байқауын ұйымдастырды. Байқау отбасылық болғандықтан балалар да, ата-аналар да қатысады. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Алматы ауданында қысқы демалыс түрлерін паш ету, – деді шараны ұйымдастырушылар.

Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

Эстафетаға 23 команда қатысты. Конкурс туралы аудан әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.

Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

Ұлымыз «Айналайын» балабақшасында оқиды. Байқау туралы естігенде ойланбастан қатысу туралы шешім қабылдадық. Шананы безендіруді ұзақ уақыт ойландық. Нәтижесінде Наурыз мейрамы жақындағанының белгісі ретінде шананы киіз үй түрінде сәндеуді жөн көрдік. Бүгінгі конкурсқа осынша команда қатысады деп ойламадық, бұл еріксіз қуантты, – деп бөлісті қала тұрғыны Арман Есмағамбетов.

Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

Эстафетаның тағы бір қатысушысы мұндай іс-шаралар балалар үшін пайдалы және оларды спортқа бейімдейтінін атап өтті.

Біз осындай байқауларға, іс-шараларға ылғи да қатысуға тырысамыз, сондықтан мұнда тек жеңіс үшін келдік. Қолымыздан келгенше тырысып бақтық. Бізге берілген шанадан пираттық кеме жасау туралы ойладық. Екі күн дайындалдық. Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды деп есептеймін, осылайша балалар спортқа қызығып, уақытын көңілді өткізеді, – деді Айша Жұмахметова.

Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

Эстафетаға қатысушы тағы бір ана іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмыз. Баламыз «Толағай» балабақшасына барады. Байқау алдында ұлымызбен сөйлесіп, қатысу туралы шешім қабылдадық. Мұндай іс-шаралар ата-ананың өз баласына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді, – деп бөлісті Мақпал Ақылбекова.

Елордада «Ең ғажайып шана» сайысы өтті

Байқау қорытындысы бойынша «Ең ғажайып шана», «Ең жылдам шана», «Ең ұйымшыл отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға аудан әкімдігінен грамоталар мен арнайы сыйлықтар – іс-шара демеушілерінің сертификаттары табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы