Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22-23 қыркүйекте елордада Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы онлайн форматта өтеді.
Іс-шараны ел Үкіметінің қолдауымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырумын өтіп жатыр.
Форум жұмыс істеген жылдар ішінде өзін индустриядағы басты салалық оқиға ретінде танытты және мемлекет пен бизнестің бірегей диалог алаңына айналды.
Форумның ерекше маңыздылығы оның алаңында машина жасау саласын ғана емес, елдің өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы қалыптасуында, машина жасау кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етудің және жергілікті қамтуды дамытудың жаңа тетіктері әзірленуде.
Форум аясында мемлекеттік органдар, шетелдік компаниялар мен отандық машина жасаушылар өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтуде. Панельдік пікірталастарда Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері талқыланып жатыр.