Елордада екі жоғары оқу орны қосылуы мүмкін

10 Маусым 2021, 05:21
2027
Бөлісу:
Елордада екі жоғары оқу орны қосылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне (ЕҰУ) Қаржы академиясы қосылуы мүмкін.

Білім және ғылым министрлігі Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамын «қайта ұйымдастыру» туралы Үкімет қаулысының жобасын жария талқылауға шығарды.

Құжатта Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Қаржы академиясы» АҚ қосу арқылы қайта ұйымдастыру ұсынылады.

Білім және ғылым министрлігінің түсіндірмесінде Қаржы академиясының Гумилев атындағы ЕҰУ-ға қосылуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталғаны айтылған.

Жоба мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді. Оны талқылауға 23 маусымға дейін қатысуға болады. 


Өзгелердің жаңалығы