Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада Е319 көшесіндегі учаске 1 маусымға дейін жабылды

30 Мамыр 2020, 04:30
2059
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Е319 көшесіндегі учаске 1 маусымға дейін жабылды. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол желісін орташа жөндеу аясында E319 көшесінде – Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Family Village коттедж қалашығына кіретін учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 
 
Осыған орай, 29 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалысты толықтай тоқтату жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында. 

Өзгелердің жаңалығы