Елордада діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

26 Маусым 2020, 00:23
1268
Бөлісу:
Елордада діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қалалық діни бірлестіктер қызметі және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің онлайн отырысы өтті. 
Елордада этносаралық және конфессияаралық келісімнің тұрақты үлгісі қалыптасқанын және оны қолдауға елорда әкімдігі, сондай-ақ діни бірлестіктер көп күш жұмсайтынын атап өткен жөн. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес өз қызметтерін атқарады және мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайтуда, үйлесімді қарым-қатынасты жақсартуда әрқайсысыңыздың үлесіңіз бар, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Кеңес отырысында Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және бірлесіп жүргізілген жұмыстар, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңның нормалары, сондай-ақ қаланың діни бірлестіктері қызметінің мәселелері алқалы түрде талқыланды.

Сондай-ақ, Бақтияр Мәкен елордада төтенше жағдай режимі алынғанын, алайда коронавирустық инфекцияның таралу қаупі әлі де бар екенін еске салды. Осыған байланысты ол құлшылық ету кезінде барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы