Елордада дезинфекция шаралары жалғасуда

11 Маусым 2020, 02:48
1553
Бөлісу:
Елордада дезинфекция шаралары жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда дезинфекция шаралары жалғасуда.  Биыл 11 мамырдан бастап қала тұрғындарына қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға баруға рұқсат етілген. Демек, жоғарыда аталған орындар аумағында күшейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Адамдар көп жиналатын жерлерде: арбатта, жағажайда, саябақтарда дезинфекция жүргіземіз. Орындықтарды, бағаналарды және т.б. көпшілік ұстайтын жерлерді дезинфекциялық өңдеуден өткіземіз. Қауіп әлі де бар. Мұны есте сақтау маңызды,  - деді "Астаналық дезинфекция" ЖШС қызметкері Ислам Дәуітов.
Елордада бұрынғысынша маска тағу режимі қатаң сақталуда. Тұрғындар әлеуметтік қашықтықты сақтап, қолдарын антисептикпен өңдеп, тұрғындар топтанып жиналмауы қажет.

Елорданы өңдеу бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекциялау жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың, базарлардың, СОО аумақтары, сонымен қатар аулалар, балалар алаңдары, үйлердің кіреберістері және адамдар көп жиналатын басқа да орындар мұқият өңделеді.


Өзгелердің жаңалығы