Елордада дауылды ескерту жарияланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері&nbsp; ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында дауылды ескерту жасады.</h4>

8 Қараша 2019 2019, 17:36
АВТОР
 8 Қараша 2019 2019, 17:36
8 Қараша 2019 2019, 17:36
2097

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында дауылды ескерту жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында 9 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 9 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 18 м/с жетпек.



Наверх