Елордада БЖК бойынша грант алуға 500-ден астам адам өтініш берді

26 Тамыз 2020, 07:07
1160
Бөлісу:
Елордада БЖК бойынша грант алуға 500-ден астам адам өтініш берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алуға өтініштер қабылдау аяқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, үміткерлерден 500-ден астам өтініш келіп түскен.

Қазір келіп түскен өтініштерді қарау жүріп жатыр. Біз құжаттардың толық тізімі бар-жоғын, бағдарламаның өлшемдері мен талаптарына сәйкестігін тексереміз. Барлық талаптарға сай келетін үміткерлер жобаны қорғау үшін бейнероликтер дайындау қажет екендігі туралы хабарлама алады, - деді Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Әділет Тілепов.
Карантинге байланысты бизнес-жобаларды қорғау онлайн-режимде жүргізілетін болады. Байқауға қатысушылар бизнес-идеялар туралы бейнероликтер арқылы айтып беруі тиіс. Бүкіл процесс әлеуметтік желілерде жарияланады.
Биыл БЖК бойынша 200 млн теңгеге грант бөлу жоспарланып отыр. Жастар, яғни 30 жасқа толмаған үміткерлер үшін 60 млн теңге қарастырылған. Грант көлемі 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін белгіленген, - деп түйіндеді Әділет Тілепов.
Еске сала кетсек, биыл бағдарламаға деген қызығушылық жоғары. Сол себепті, өтінімдерді жинау бір аптаға созылды.
Өзгелердің жаңалығы