Елордада Bus Lane-ді қарбалас уақыттан тыс кезеңде пайдалану бойынша онлайн-дауыс беру басталды

Елордада Bus Lane-ді қарбалас уақыттан тыс кезеңде пайдалану бойынша онлайн-дауыс беру басталды
877

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері қоғамдық көлікке арналған жолақта жеке көліктердің де жүру мүмкіндігі қарастырылып отыр. 

Қазіргі уақытта елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн-дауыс беру басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус жолақтарының санын жоспарлы түрде ұлғайтуды жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Bus Lane саны қаланың 26 көшесіне (73,6 км) енгізілді.

2021 жылы елордада автобус жолақтарының 8 жаңа учаскесі іске қосылды: Қабанбай батыр, Тұран (2 учаске), Ұлы Дала және Абылай хан даңғылдары, А.Байтұрсынұлы, Ж.Нәжімеденов және Түркістан көшелері. Автобус жолақтарының жалпы тиімділігі 25%-ды құрайды және жүру уақытын орташа есеппен 10 минутқа қысқартады.

Қазіргі уақытта қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері қоғамдық көлікке арналған жолақта жеке көліктердің де жүру мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Әкімдік пилоттық жоба аясында Абылай хан даңғылында А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралыққа автобус жолағын енгізді. Осы аралықта көлік жүргізушілеріне автобус жолағымен таңғы (сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін) және кешкі уақытта (сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін) ғана жүруге тыйым салынады.

Осыған байланысты енді тәуліктің белгілі бір уақытында және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану тәртібі бойынша онлайн-дауыс беру өткізілуде.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласының маршруттық желісін жаңғырту тұрақты түрде жүріп жатыр. Осылайша, 2021 жылы бес жаңа маршрутты іске қосу жоспары орындалды: №26, 30, 45, 69, 323. Ал 2022 жылы қоғамдық көлікпен қамтуды ұлғайтуға және қолданыстағы маршруттарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа қалалық маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде елордада 6 автопаркте 1120 жылжымалы құрам (автобус) бар. 

Bas Lane-ді пайдалану тәртібі бойынша дауыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Бұл дауыс беру сервисі eGov.kz порталында және мобильді азаматтар базасында тіркелгендерге ғана қолжетімді. Яғни, дауыс беру үшін сайтта авторизациядан өту қажет.

Ол үшін сайттың жоғары тұсында «Кіру» батырмасын басыңыз, осыдан кейін eGov.kz-тағы авторизация беті ашылады. Кіру нұсқаларының бірін таңдаңыз: бір реттік пароль (SMS) немесе ЭЦҚ арқылы. Осы арқылы авторизациядан өткен соң сауалнаманың төменгі жағында «Дауыс беру батырмасы пайда болады.

Егер мобильді құрылғы арқылы дауыс бергіңіз келсе, онда бір реттік пароль арқылы авторизацияны қолданғаныңыз жөн.

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/vote/6?lang=kk - қазақ тіліндегі нұсқасы нұсқасы 

2. https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/vote/6?lang=ru - орыс тіліндегі нұсқасы

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы