Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге кептелісті болдырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен бірнеше көшеде жол желісін орташа жөндеу жоспарланған.Конституция көшесінде – Қарталы көшесінен І.Есенберлин көшесіне дейінгі аумақта; Ы.Дүкенұлы көшесінде – Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта; Московская көшесінде – Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі аумақта; Таха Хусейн көшесінде – Ж.Тәшенов көшесінен Кравцова көшесіне дейінгі аумақта автокөлік қозғалысы ішінара жабылады, – делінген басқарма хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туындауына жол бермеу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.