Елордада бірнеше автобус қозғалыс бағытын өзгертті

Бөлісу:
Елордада бірнеше автобус қозғалыс бағытын өзгертті
Фото: Архив BAQ.KZ

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада ондаған автобустың қозғалыс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді.

Қалада жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты № 19, 28, 52, 54, 55А, 55Б, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №№ 26, 27, 29, 29А, 32 40, 42, 46, 202 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы