Елордада бірінші инвестициялық МЖӘ форумы өтеді

10 Қазан 2019, 13:18
2067
Бөлісу:
Елордада бірінші инвестициялық МЖӘ форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МЖӘ жобаларындағы конкурстық рәсімдер электронды тәсілге көшуі тиіс. Бұл туралы Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. Біздің міндетіміз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту" деп атап өтті.

Елімізде мемлекеттік сатып алуды электрондық тәсілге көшіргелі оның артықшылықтарын байқауға болады:

1) жемқорлықпен тиімді күрес тәсілі;
2) бюджеттік қаражаттың үнемделуі;
3) мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ыңғайлылығы;
4) салауатты бәсекелестік үшін тиімді жағдайлар туғызу;
5) отандық шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау және т.б.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен (www.goszakup.gov.kz) қатар квазимемлекеттік сектор субъектілері, атап айтатын болсақ, "Самұрық-Қазына" АҚ-ғы да электрондық сатып алуды zakup.sk.kz порталы арқылы, "СК-Фармация" ЖШС-гі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды www.sk-pharmacy.ecc.kz веб-порталы арқылы сатып алуды жүзеге асырады.

Осыған орай, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ-ы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау рәсімдерін цифрландыру мәселелерін қарастыру қажет екендігін ескере отырып, МЖӘ жобаларындағы конкурстық рәсімдерді электрондық тәсілмен өткізуге көшу мәселелеріне қатысты жұмыстарды атқаруға ниет білдіруде. Жеке инвесторлар әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы, мем.бюджеттен қанша өтемақы және қай уақытта ала алатыны жайында ақпарат ашық көрсетілуі тиіс деп санаймыз.

МЖӘ жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындаудың электрондық тәсілін енгізу, рәсімдерді оңайлатуға және қаржыны тиімді жұмсауға, әлеуетті жекеше әріптестерге тең мүмкіндіктер беруге, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікке және қателердің пайда болу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, аталған тәсілмен заңнама талаптарының
сақталуын автоматты түрде қадағалау мен жалпы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бағыты тағы бар.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның нормаларын орындау мақсатында іске асырылуға жоспарланатын МЖӘ жобаларының тізбесі Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастырылады (kzppp.kz).

Одан бөлек, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылып, мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

Өз кезегінде конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы ол әртүрлі мемлекеттік органдар және мемлекеттік әріптес болып саналатын тұлғалар болғандықтан конкурс бойынша ақпаратты алу үшін бірнеше ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарына талдау жасау қажет.

Сондықтан МЖӘ жобаларындағы конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграциялау арқылы электрондық тәсілмен өткізуге көшу уақыт талабы болып тұр.

Осы және халық үшін құндылығы мол өзге де МЖӘ жобалары бойынша мәселелерді талқылау мақсатында ағымдағы жылдың 30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бірінші инвестициялық МЖӘ форумы өтеді.

Бұл форум МЖӘ саласындағы мүдделі тараптарға ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту және жобаларды бірлесіп жоспарлау,
құндылықтарды жасау, халыққа ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру үшін әріптестік құру бойынша диалог алаңын ұсынады, қызығушылық танытқан барлық тараптарды жоғарыда айтылған мәселелерді осы шарада бірлесіп шешуге шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы