Елордада бір уақытта 500-ден аса адам йога жаттығуына қатысты

22 Маусым 2022, 10:03
1571
Бөлісу:
Елордада бір уақытта 500-ден аса адам йога жаттығуына қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Қазақстан қалаларында бір уақытта VIIІ халықаралық йога күнінің (IDY 2022) ашылуы өтті. 

Ел бойынша 4-5 мыңнан аса адам йога күніне жұмылдырылады деп жоспарланып отыр.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығы Мәдениет және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен елордада йога күнінің ашылу салтанатын өткізді. 

Елордада бір уақытта 500-ден аса адам йога жаттығуына қатысты

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубхдаршини Трипати IDY 2022 «Адамзат үшін йога» тақырыбын сипаттай отырып, пандемия кезінде йога маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ, дипломат 8-ші Халықаралық йога күнімен құттықтап, Мәдениет және спорт министрлігіне іс-шарадағы әріптестігі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Үндістанның сыртқы байланыстар және мәдениет жөніндегі мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің Қазақстанға сапары кезінде Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты мәдени алмасу бағдарламасына қол қойылғанын атады.

Елордада бір уақытта 500-ден аса адам йога жаттығуына қатысты

Денсаулық сақтау министрі Ғиният Ажар Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пайдалы қарым-қатынасын атап өтті. Министр денсаулық сақтау саласының мамандары йога мен басқа да дәстүрлі тәжірибенің құндылығын көретінін айтты. 

Елордада бір уақытта 500-ден аса адам йога жаттығуына қатысты

Йоганың маңыздылығы денсаулықты физикалық және психикалық деңгейде ұстап тұруға және нығайтуға бағытталған, – деді Ажар Ғиният. 

Осылайша таңғы сағат 7:30-да қазақстандық шенеуніктер елордалық 500-ден аса тұрғынмен йога жаттығуын жасады. Үндістан елшілігінің мәліметінше, биыл еліміздің 21 қаласынан йога күніне 4-5 мың адам қатысқан.

Елордада бір уақытта 500-ден аса адам йога жаттығуына қатысты

Үндістан үкіметінің «Guardian Yoga Ring» («Йога сақшысы» сақинасы) бастамасы бойынша Нұр-Сұлтанда IDY 2022 мерекесі Үндістанның Doordarshan ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. 

Айта кетейік жыл сайын 21 маусымда Халықаралық йога күні атап өтіледі. 

Өзгелердің жаңалығы