Елордада бес қабатты ғимарат өртеніп жатыр

Оқиға орнына құтқарушылар жоғары шақыру рангі бойынша жұмылдырылып, жедел әрекет етуде.

 freepik Бүгiн 2026, 08:23
Бүгiн 2026, 08:23
143
Фото: freepik

Астанада Сарайшық ауданындағы Бөлекпаев көшесінде орналасқан бес қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына құтқарушылар жоғары шақыру рангі бойынша жұмылдырылып, жедел әрекет етуде. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте ғимаратты қою түтін басқаны анықталған.

Қазіргі уақытта ТЖМ күштері барлау жұмыстарын жүргізіп, түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері іске қосылды.

112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх