Елордада азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ – Ерлан Бекмұрзаев

10 Қаңтар 2022, 20:47
1010
Бөлісу:
Елордада азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ – Ерлан Бекмұрзаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

"Қаланың сауда нысандарына мониторинг жүргіземіз. Елорда аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Қаланың периметрі бойынша 6 блокпост қойылған. Барлық блокпосттар бойынша алғашқы күннен бастап азық-түлік өнімдерін кіру және жеткізу бойынша үздіксіз жұмыс жолға қойылды. Азық-түлік тауарларын жеткізуге қатысты іркілістер жоқ. Барлық сауда нысандары коменданттың бұйрығымен штаттық режимде жұмыс істейді. Рұқсат етілген уақыт таңғы сағат 8-ден 22:00-ге дейін", - деді Ерлан Бекмұрзаев.

Елорда әкімінің орынбасары барлық кәсіпкерлерді Нұр-Сұлтан қаласының коменданты әзірлеген ережелерді сақтауға, атап айтқанда, сөрелерден алкоголь өнімдерін алып тастауға, белгіленген режим мен жұмыс кестесін сақтауға шақырды.

ӘКК әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күн сайын мониторинг жүргіземіз. Бағаны көтерген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылады, - деді ол.

Әкімдік өкілдері қаланың ірі сауда желілерінің филиалдарына барды. Айта кетейік, елордалық сауда сөрелерінде тауарлардың жетіспеушілігі байқалмайды. 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында Magnum желісінің барлық филиалдары ашылған. Филиалдардың жұмыс тәртібі ТЖ режиміне сәйкес анықталған. Жағдай тұрақтанған сайын филиалдардың жұмыс уақыты артады. Филиалдарда дүрлігіп жатқан халық байқалмайды, барлық әлеуметтік маңызы бар тауар қолда бар. Тауарларды жеткізу кесте бойынша жүргізіледі, бағалар тұрақты. Біз бағаны көтермедік. Бізбен бір команда ретінде жұмыс істегеніңіз үшін серіктестерімізге рахмет. Алкоголь сатылымнан алынып тасталды және, сатылмайды, - деп хабарлады Magnum компаниясының аумақтық директоры Елена Зименко.

Төтенше жағдай режимін енгізу дүкендердің жұмысына әсер еткен жоқ, бізде барлық тауарлар бар, тек біздің дүкенде ғана емес, бүкіл желіде де бар. Сабырлық сақтау керек. Сатып алушылардан дүрлікпей, қажеттілігіне қарай сатып алуды сұраймыз, өйткені тауар барлығына жетеді, - деп бөлісті "Анвар" гипермаркетінің директоры Наталья Крастынь.

Өзгелердің жаңалығы