Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

3 Наурыз 2023, 19:20
1109
Бөлісу:
Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: DKNews.kz

Астанада "Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі қауымдастығын қолдау" атты конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ DKNews.kz сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өз сөзінде мемлекет елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға айтарлықтай күш салып жатқанын атап өтті. Бұл ШОБ-тағы әйелдердің өсіп келе жатқан үлесімен расталады (2011 жылы – 38,4%, 2021 жылы – 44,5%).

Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары ұсынылады, - деді ҰЭМ басшысы.

2022 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде кәсіпкер әйелдердің 6 мыңнан астам жобасы қолдау тапты, кредиттерге кепілдік беру бойынша 4 мыңға жуық жоба қолдау тапты. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 19 мыңнан астам консультация, сондай-ақ сервистік қолдау бойынша 11 мыңнан астам консультация берілді.

Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Өткен жылдың наурыз айынан бастап ел өңірлерінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың 17 орталығы жұмыс істей бастады. Биыл орталықтар үш жаңа облыста ашылды. 8 мыңнан астам әйелге қызмет көрсетілді, олардың 19% ауылдық жерлерде тұрады, - деді Ә.Қуантыров.

2022 жылы ауыл әйелдеріне қолдау көрсету үшін төрт облыста (Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, БҚО) "Бір ауыл – бір өнім" пилоттық жобасы іске асырылды. Бағдарлама әр аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, бірегей жергілікті өнімдерді жасау үшін ауылдас-әйелдерінің кооперациясын ынталандыруға бағытталған. Биыл бұл бағыт Қазақстанның барлық аумағында үздік халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып жүзеге асырылатын болады.

Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Бұдан басқа, ҚР ҰЭМ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасын іске асыруда.

Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Министрлік атынан атқарылып жатқан жұмыстар үшін кәсіпкер әйелдерге шынайы ризашылығымды білдіремін, сондай-ақ Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі жұмыс жалғасатынына сендіргім келеді, - деп түйіндеді министр.

Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды
Өзгелердің жаңалығы