Елордада әйел құқықтары мен гендерлік теңдік мәселесі талқыланды

31 Шілде 2019, 13:46
2555
Бөлісу:
Елордада әйел құқықтары мен гендерлік теңдік мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анар Жаилғанова және Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілдері еліміздегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.


Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова БҰҰ құрылымының өкілдерімен Қазақстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелері бойынша кездесуі өткізді.

Кездесуде гендерлік теңгерімге қол жеткізу және елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне әйелдердің белсенді қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері талқыланды.

Анар Жаилғанова елімізде гендерлік-бағдарланған кадрлық саясат жүргізіліп жатқандығы, барлық деңгейде қызмет бойынша алға жылжу үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасалғанын, стереотиптерді еңсеру мақсатында гендерлік ағарту іске асырылатынын атап өтті.

«Елбасы саясатын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, гендерлік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу, сондай-ақ олардың барлық деңгейлерде және корпоративтік секторда мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Төраға қазіргі таңда әйелдер шешім қабылдаудың жоғары деңгейінде - Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Конституциялық Кеңес пен Орталық сайлау комиссиясы, өңірлердегі әкімдердің орынбасарлары лауазымдарында және мемлекеттік басқарудың барлық сатыларында қызмет атқаратынын айтты.

Өз кезегінде Қазақстандағы «БҰҰ – Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ағымдағы жобалары, оларды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынды.

Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басты бағыттарының бірі ретінде гендерлік теңдікті нығайтуды айқындағаны қуанышты.

Илейн Конкиевич олардың жыныстық тиістілігіне қарамастан, азаматтардың ресурстары мен мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдау қажеттілігін атап өтті. Илейн Конкиевич адам құқықтары мен заңның үстемдігі, гендерлік мәселелер, демократиялық институттарды дамыту, қайшылықтарды реттеу және превентивті дипломатия саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар халықаралық даму саласындағы тәжірибелі маман болып табылады.

жайыл1.JPG

МҚІА төрағасы кездесуге қатысушыларды гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша агенттікпен қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

«Агенттікпен әйелдерді көшбасшылық қасиеттерге оқыту бойынша шаралар қабылдауда, декреттен жұмысқа шығу, қашықтықтан жұмыс мүмкіндіктері қарастырылуда, жұмыс уақытының икемді кестесі енгізілді, әкелер үшін баланы күту бойынша демалыстарды дәріптеуге жеке назар аударылуда», - деп атап өтті Анар Жаилғанова.

Тараптар мақсаттарды, міндеттерді және мақсатты индикаторларға қол жеткізуді айқындай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдер және ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық туралы келісті.


Өзгелердің жаңалығы