Елордада ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

27 Қыркүйек 2019, 23:37
1370
Бөлісу:
Елордада ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28-29 қыркүйекте елордада «Хан Шатыр» СОО алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Алдағы жәрмеңкеге Атырау облысының 7 ауданы мен Атырау қаласының кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері қатысады. Жалпы алғанда, олар Астанаға 135 млн.теңгеге 176,7 тонна көлемінде 74 тауар түрін әкеледі. Оның ішінде: ет өнімдері - 24 тонна, көкөніс - 35 тонна, сүт - 6 тонна, балық - 45 тонна, жұмыртқа - 40 000 дана, өзге де өнімдер - 65,7 тонна.

Шығыс Қазақстан облысынан 15 аудан мен 2 қала өндірушілер қатысады. 224,7 млн.теңге сомасына 310 тонна көлемінде 15 ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жоспарлануда. Өңір Астанаға 60 тоннадан астам бал, 5 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 13 тонна өсімдік майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық өнімдер мен пантопродукциялар, 150 тонна көкөніс өнімдері мен картоп және т.б. тасымалдайды.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында Атырау облысының көркем ұжымдарының қатысуымен таңғы сағат 10-нан бастап мәдени-концерттік бағдарлама өткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы