Елордада Атырау мен ШҚО жәрмеңкесі өтіп жатыр

28 Қыркүйек 2019, 09:41
1893
Бөлісу:
Елордада Атырау мен ШҚО жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хан Шатыр» СОО алаңында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілері өз өнімдерін ұсынып жатыр.

Жәрмеңкеге Атырау облысының 7 ауданы мен Атырау қаласының кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері қатысады. Олар Елордаға 135 млн теңгенің 176,7 тонна көлемінде 74 тауар түрін әкелген. 

Оның ішінде: ет өнімдері - 24 тонна, көкөніс - 35 тонна, сүт - 6 тонна, балық - 45 тонна, жұмыртқа - 40 000 дана, өзге де өнімдер - 65,7 тонна. 

Шығыс Қазақстан облысынан 15 аудан мен 2 қала өндірушілер қатысып жатыр. Олар 224,7 млн теңгенің 310 тонна көлемінде 15 ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуда. Шығыстықтар Нұр-Сұлтанға 60 тоннадан астам бал, 5 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 13 тонна өсімдік майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық өнімдер мен пантопродукциялар, 150 тонна көкөніс өнімдері мен картоп және т.б. әкелген. 

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында Атырау облысының көркем ұжымдарының қатысуымен таңғы сағат 10-нан бастап мәдени-концерттік бағдарлама өткізу жоспарланған.

Жәрмеңке екі күнге жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы