Елордада «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 700-ден асты

22 Мамыр 2021, 21:45
1585
Бөлісу:
Елордада «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 700-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Ashyq» жобасымен жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлік нысандар қатары күн санап артып келеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Ashyq» пилоттық жобасына 714 кәсіпкерлік субъекті қатысады. Оның ішінде 57 фитнес-клуб, 24 спа-орталық, 17 бассейн, 3 боулинг-клуб, 37 компьютерлік клуб, 29 сауна, 494 қоғамдық тамақтану ұйымы, 10 кинотеатр, 5 театр, 5 концерттік ұйым, 9 бильярд клубы, 3 көрме орталығы, 21 ерікті қатысушы бар.

«Ashyq» пилоттық жобасының негізгі мақсаты — келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жұрт қоғамдық орындарға баруы себепті өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды. Осылайша вирустың таралуы мүмкін фактілермен жиі күресуге тура келеді. Яғни, "Ashyq" жобасы адамның мекемеге кірген кезде оның мәртебесін көруіне мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.


Айта кетейік, қоғамдық мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және оны кіреберістегі әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды. Әр түске сәйкес мәртебе келесідей мағына береді:

«Қызыл» мәртебе — ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс.

«Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады.

«Көк» — ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ, ПТР-тест талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді.

«Жасыл» – жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады. 


Өзгелердің жаңалығы