Астана қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Болат Жұмаділ мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 7 ведомстволық бағынысты ұйымның жұмысын үйлестіреді.
Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұсыну бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру жүзеге асырылады. Биыл стационарлық, жартылай стационарлық және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 9 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Жыл басынан арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7 537 адам қамтылды, - дейді Болат Жұмаділ.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа енгізулерді, яғни лицензиялауды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру аясында әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдар мынадай іс-шараларды өткізді:
- "Еңбек шарттарын басқарудың бірыңғай жүйесі" (ЕШББЖ) ақпараттық жүйесіне штаттық кесте енгізілді.
- әлеуметтік қызметкерлер, бөлімшелердің басшылары мен меңгерушілері онлайн режимде SKILLS.ENBEK.KZ кәсіптік оқыту платформасында оқытудан өтіп, сертификаттар алды;
- Career Enbek сайтында әлеуметтік қызметкерлер тізілімінде 300-ден астам әлеуметтік қызметкерлер тіркелді.
- қолда бар 16 ұйымның деректерін цифрландыру шеңберінде 15 ұйым (6 КММ және 9 ҮЕҰ) Social-aleumet.enbek. порталында қызмет алушылардың деректерін және материалдық-техникалық жарақтандыруды толтыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
- санитариялық-эпидемиологиялық станциясынан, төтенше жағдайлар департаментінен актілер мен хабарламалар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ол сөз соңында жалпы арнайы әлеуметтік қызметтерге лицензия алу бойынша жұмыс бақылауда тұрғанын айтты.