Елордада Армениядан әкелген 953 көлік тіркеуден өтті

9 Қыркүйек 2020, 05:27
1153
Бөлісу:
Елордада Армениядан әкелген 953 көлік тіркеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да Армения Республикасынан әкелген көліктерді тіркеу жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Кеден органдарының мәліметтеріне сәйкес, елордада тіркелген азаматтардың атына Армения Республикасынан әкелген 1387 көлік тіркелген. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 953 көлік уақытша есепке қойылса, 196 көлік Нұр-Сұлтан қаласында, бірақ, басқа өңірлерге рәсімделді.

Одан бөлек, 630 көлік уақытша есепке қойылмай пайдаланылып жүр. Сондай-ақ, тексеру барысында екі көлік Армения Республикасына қайта жөнелтіліп, 2 көліктің қосалқы бөлшектерге сатылғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы