Елордада қар тазалау жұмысы қарқынды жүргізілуде

3 Наурыз 2020, 06:25
1582
Бөлісу:
Елордада қар тазалау жұмысы қарқынды жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қар тазалау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жазылған.

2 наурыз күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1374 техника бірлігі мен 1631  жол жұмысшылары тартылып, 38776 текше  метр қар шығарылған (3231 рейс).
Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына  1210 техника бірлігі мен  133  жол жұмысшылары жұмылдырылды, - делінген баспасөз орталығының хабарламасында.
Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 5 млн 135 мың 873 текше метр қар шығарылды (424761 рейс).

Өзгелердің жаңалығы