Елордада «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітаптың тұсауы кесілді

4 Ақпан 2022, 12:33
1869
Бөлісу:
Елордада «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітаптың тұсауы кесілді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық музейде «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітап-альбомның тұсаукесері өтті.

Іс-шараға тарих, география, лингвистика саласындағы көрнекті ғалымдар мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.

Басылым «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Ақмола облысының тарихи-географиялық атауларын зерттеу және қалпына келтіру» жобасы аясында жарық көріп отыр.

Зерттеу еңбегінде Ақмоланың ономастикалық кеңістігі бойынша жаңа деректер мен тың мәліметтер берілген.

Кітап авторы Ұлттық музей қызметкері Ирина Бекзатқызының айтуынша, еңбек Ақмола өңірінің әкімшілік-аумақтарының тарихи атауларын қалпына келтіруге арналған.

Кітапта Ақмола облысының ономастикалық кеңістігін зерттеудің жаңа нәтижелері ұсынылып отыр. Өңірдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы туралы тарихи деректер келтірілген. Дау туғызбайтын дәлел керек болды. Сол себепті зерттеуге тың әдістер қолданылды. Және геоақпараттық жүйелер технологиясын пайдалана отырып, мұрағат деректері негізінде жасалған карталар ұсынылды, - деп жеткізді зерттеуші.


 

Елордада «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітаптың тұсауы кесілді

Сондай-ақ автор тарихи топонимдерді зерттеу кезінде орталық мемлекеттік архивтің тарихи құжаттары мен Омбы облысының мемлекеттік тарихи архивінің картографиялық материалдары негізге алынғанын атап өтті.

Зерттеушінің сөзінше, басылымда өңірдегі 20 ғасырдағы көші-қон процестері қалай өрбігені жазылған.

Елордада «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітаптың тұсауы кесілді

Ирина Бекзатқызының мәлімдеуінше, кітап жеңіл тілмен жазылған және еліміздің бүкіл аумақтарына таратылу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әсем Жұмағұлова кітаптің шығуына түркі болған идеяны айтты.

Біз өңір атауларын қалпына келтірумен идеологиялық тұрғыда айналысып келеміз. Жалпы, Ақмолада елді мекен атаулары қазақшаланып келеді. Алайда 300-дей елді мекен атауы идеологиялық тұрғыда ескіргенін көріп отырмыз. Қазір ұлттық танымға сәйкес атаулар мен географиялық ерекшеліктеріне сай атаулар берілуде. Бірақ осы орайда біз тарихқа қиянат жасамаймыз ба деген сұрақ келді. Әрбір атау жердің терең тарихына, болған оқиғаға қатысты берілген. Сол себепті тарих бетіне үңілген жөн деп санаймыз. Біз ойлана келе зерттеуімізге өңір ғалымдары мен картограф мамандары араластырдық. Егер болашақта кітабымыз қазақ ғылымына септігін тигізіп жатса оған ,әрине біз қуаныштымыз!, - деді бас маман.

Елордада «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітаптың тұсауы кесілді

Сонымен қатар оның айтуынша, жер атауын өзгерту мәселесі өте маңызды.

Мұндай кезде біз тек құқықтық салада әрекет етеміз. Арнайы нормалар, ережелер бар, олар арқылы елді мекендердің тарихи атауларын өзгертуге болады, - деп түйіндеді ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары

Талқы кезінде мамандар тарих сахнасында ел аумақтарының едәуір атаулары бұрмаланғанын сөз етті.

Ғылыми еңбек Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты жөніндегі 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін іске асыру мақсатында дайындалған.  

 

Өзгелердің жаңалығы