Елордада Ақбұлақ бұлағында санитарлық тазарту жұмысы жүріп жатыр

17 Тамыз 2023, 00:10
559
Бөлісу:
Елордада Ақбұлақ бұлағында санитарлық тазарту жұмысы жүріп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Ақбұлақ бұлағының су бетінде санитарлық тазарту жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мердігер ұйым күн сайын таңертеңнен кешке дейін су бетін санитарлық тазалауды, өзен арнасының жағалау аумағын тұрмыстық қоқыстан тазартады.

Ақбұлақтың Аман көшесінен Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаске бойында 21 мың ш.м. алаңда су бетін санитарлық тазалау, арамшөпті өсімдіктерді (қамыс пен шөпті) шабу жұмысы жүргізілді.

Ақбұлақ бұлағының жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып, елордалық полигонға 545 тоннадан астам арамшөптер (қамыс, балдырлар, шөптер және т.б.) мен қоқыс жиналып, шығарылды, - деп жазды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Өзгелердің жаңалығы