Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

4 Маусым 2021, 21:17
3029
Бөлісу:
Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бөтелкелерді қайта өңдеуге қабылдайтын «Fandobox ecoplatform» автоматы пайда болды. 

Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы Galmart супермаркетінде «Fandobox ecoplatform» автоматы қойылды. Ашылу салтанаты «Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай ұйымдастырылған. Оған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалив та қатысты. 

Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Фандоматтың пайда болуы экология, қоғам үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан «Ecoplatform» компаниясына, Galmart супермаркетіне ризашылығымды білдіремін. Бұл елордадағы алғашқы фандомат болғанымен, алдағы уақытта саны еселеп артатын болады. Тек үлкен дүкендерде ғана емес, сыртқы алаңдарда да пайда болады, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Тұрғындар мен келушілер автоматқа бос бөтелкені салып, оларға екінші өмір сыйлай алады. Жиналған пластика және қаңылтыр бөтелкелер қайта өңделеді. 

Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Бұл ресейлік компанияның әзірлемесі. Әзірге аппарат Алматы мен Нұр-Сұлтандағы екі сауда-ойын-сауық орталығында орнатылды. Ай соңына дейін «Керуен City», «Talan Towers» сауда орталықтары мен Galmart супермаркеттер желілеріне фандоматтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Барлығы 15 фандомат орнатылады, - деді «Ecoplatform» компаниясының директоры Әділет Нұрселинов.
Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Аппарат көлемі 0,5-тен 2 литрге дейінгі пластик бөтелкелерді, алюминий банкаларды қабылдайды. Олардың ішінде сұйықтық болмауы тиіс. Алдымен қолайлы бөтелкенің немесе банканың штрих-кодын көрсету керек. 

Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Бөтелке көрсетілген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда аппарат оны қабылдайды.

Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды


Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы