Алғаш рет елордадағы сауда орталығында Бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

4 Ақпан 2021, 18:17
1437
Бөлісу:
Алғаш рет елордадағы сауда орталығында Бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы өкілдерінің алдын ала келіссөздер жүргізуінің нәтижесінде бүгін елордадағы «Әсем» сауда орталығында кәсіподақ ұйымын құру бойынша жиналыс өтті. 

Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке сектор кәсіпорындарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бүгінде Кәсіподақтар федерациясының басым міндеттерінің бірі. 

Себебі жекеменшік кәсіпорындарда да жиі проблемалар туындайды, ал жұмыскерлер қолдау мен қорғауды қажет етеді. 

Экономиканың жеке секторында кәсіподақ ұйымдарын құрудың ерекше маңызы бар екені анық. Қиын экономикалық жағдайда мемлекеттік немесе жеке кәсіпорын болсын, бірде-бір қызметкерді өз проблемаларымен жалғыз қалдырмау маңызды, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов.

«Әсем» сауда орталығының бас директоры Нұрлан Нұрмағамбетовтің айтуынша, әлеуметтік бағдарланған кәсіпорында 30 қызметкер еңбек етеді. 

Алғаш рет елордадағы сауда орталығында Бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Олардың жалақылары уақтылы беріледі. Қазір сауда орындарын жалға алған 300-ге жуық кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Кәсіподақ қозғалысына қатысу қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді, - дейді ол. 

Жиналысқа қатысушылар бастауыш кәсіподақ ұйымын құруды бірауыздан қолдады. Оның төрайымы болып сауда орталығының әкімшісі Зарина Малсағова сайланды.

Алдағы уақытта жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыскерлердің мүдделерін ескеретін ұжымдық келісімшарт жобасын әзірлейтін болады. 

Өз тарапынан Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері құқықтық көмек көрсету, еңбекті қорғау жағдайын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы