Елордада Әл-Фараби даңғылын сол жағалауға көшіру жоспарланып отыр

2 Желтоқсан 2022, 18:40
974
Бөлісу:
Елордада Әл-Фараби даңғылын сол жағалауға көшіру жоспарланып отыр

1 желтоқсанында Астананың ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес әл-Фараби даңғылының атауын көшіру мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін «Алматы» және «Байқоңыр» аудандарында орналасқан Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болып өзгертілген болатын. Қала тұрғындары, Астана мәслихаты мен Қоғамдық кеңес мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл көше өндірістік аймақта орналасқандықтан ұлы ғалымның есіміне сәйкес келмейді, осыған байланысты қаланың үлкен және орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілуі тиіс деген ұсыныстарын бірнеше рет айтқан болатын.

Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан № 38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан.

Қаланың болашақ жоспарына сәйкес бұл көше Есіл өзенінен басталып, жалпы ұзындығы
7 шақырымнан асатын Қабанбай батыр даңғылына дейін созылатын үлкен даңғылдардың бірі болады.

Қаланың ономастикалық комиссиясының отырысында қаралған ұсыныстар қарау үшін Астана мәслихатының тұрақты комиссияларының жария тыңдауларына, Астана қоғамдық кеңесінің қарауына жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы