Елордада адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері талқыланды

11 Наурыз 2022, 13:09
1252
Бөлісу:
Елордада адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Қанат Мусин Адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел барысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты. 

Мемлекет басшысы адвокаттар мен заң кеңесшілерінің жұмысына қатысты ерекше көңіл бөледі. 2020-2021 жылғы жолдауларында Мемлекет басшысы ол мәселелерді көтерді. Қазіргі таңда адвокаттар мен заң кеңесшілердің қызметі «Адвокаттық қызметі» заңы арқылы реттеледі. Ол 2018 жылы қабылданған болатын. Былтыр біз өзгерістер мен толықтырулар енгіздік, - деді ол. 

Мусин айтқандай, уақыт өте келе қоғамдық қарым-қатынас түрі де өзгереді. 

Сондай мәселелерді бүгін талқылап, өзекті проблемаларды көтеріп жатырмыз. Қаралған мәселе бойынша жол картасын әзірлеп отырмыз. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бастамалар қабылданады деп ойлаймыз, - деді Мусин. 

 

Өзгелердің жаңалығы