Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21-25 наурыз күндері ақша айырбастау пункттері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен 2020 жылғы 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-ден бастап 16:00-ге дейін шектеледі, – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.