Елордада аққалалар "әскерін" талқандаған бұзақы ұсталды

23 Желтоқсан 2019, 23:15
3201
Бөлісу:
Елордада аққалалар "әскерін" талқандаған бұзақы ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полиция қызметкерлері Ботаникалық бақтағы аққалалар "әскерін" талқандаған елордалық ЖОО-ның студенті, 20 жасар А. есімді азаматты ұстады.

Бүгінде бұзақыға қарсы ҚР ӘҚБК 434 бабына (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, аталған бап аясында 20 АЕК дейін айыппұл салу және 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.


Жас жігіт өзінің ісіне өкініп, елорда тұрғындарынан кешірім сұрады. Сонымен қатар жақын арада өзі бұзған аққалаларды қалпына келтіретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде аққалаларға қарсы шауып, оларды бірінен соң бірін қиратып жүрген ер адамның видеосы пайда болғанын хабарлағанбыз.  


Өзгелердің жаңалығы