Елордада 80 мыңнан астам зейнеткер бар

1 Қазан 2019, 16:22
2205
Бөлісу:
Елордада 80 мыңнан астам зейнеткер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Астана концерт залында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты рәсімге елорданың гүлденуіне өзіндік үлес қосқан қатысқан зейнеткерлер мен ардагерлер құрметті қонақ ретінде шақырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында 80 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның  57 – ҰОС ардагері болса, 25 мыңы – мүмкіндігі шектеулі  жандар. Қарттардың жағдайы - елге сын. Мемлекеттің әлеуеті алдымен  қариялардың жағдайымен де екшеледі. Нұр-Сұлтан қаласында қарияларға жәрдемнің мүмкін барлық түрі қамтылған. Мемлекет басшысы деңгейінде қадағаланатын зейнеткерлер мәселесі елорда үшін басты әлеуметтік тақырып.

«Қала әкімдігі қарияларды қолдаудың барлық механизмдерін пайдаланып келеді. Заң аясындағы – ардагерлерге арналған жеңілдіктер, медициналық көмектен бастап, қарттарды кәсіби , ұлттық мейрамдар аясында профильді мекемелер тарапынан жәрдем көрсету жөнінде бастаманы ұдайы  көтеріп жүр.  Қала бойынша қарттардың қоғам өміріне белсенді араласуына мейлінше жағдай жасалып жатыр. Парктерден бастап,  спорттық алаңдарға дейін біздер қарияларымыздың қоғам өмірінен тыс қалмай, жастармен бірге қайнаған өмірдің ортасында жүргенін көреміз», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр
Мәкен.

Қарттарыдың әсіресе – отбасы институтының беріктігіне, тәлім-тәрбие беру ісінде атқапрған жұмыстары ұшан-теңіз.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен барлық мемлекеттік органдары қарияларымызға құрмет ешқашан толастамайтынын айта келіп, атаулы мерекемен құттықттайды.  Қариясы бар үйдің – қазынасы бар», ендеше қариясы бар елміз деп айту барлық қазақстандықтар үшін – мақтаныш», - деді Бақтияр Мәкен.


Өзгелердің жаңалығы