Елордада 8 шарапты ұрлаған әйел видеоға түсіп қалған

15 Наурыз 2023, 16:10
729
Бөлісу:
Елордада 8 шарапты ұрлаған әйел видеоға түсіп қалған
VIDEO
Фото: скриншот

Елордада қыздың супермаркеттен виски ұрлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес полицияға ЖШС-нің өкілі хабарласып, белгісіз біреу дүкенге келіп, 8 дана вискиді алып кеткенін айтып арызданған.

«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында қыздың сағат 17.00 шамасында Есенберлин көшесі бойында орналасқан супермаркеттердің біріне келгені анықталды. Бейнежазбада ол вискилерді алып, балалар арбасының ішіне жасырғанын көруге болады. Келтірілген шығын көлемі 81 мың теңгеден астам соманы құрады, - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қыз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау қажеттігін ескертеді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы