Елордада 8 наурызда туған сәбилерді құттықтады

8 Наурыз 2021, 13:05
1950
Бөлісу:
Елордада 8 наурызда туған сәбилерді құттықтады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала басшылығы көктемнің алғаш мерекесі – 8 наурыз күні дүние есігін ашқан нәрестелерді құттықтап шықты.
 

Халықаралық әйелдер күнінде қала басшылығы көпбейінді ауруханалардың акушерлік блогына барып, мерекеде туған сәбилер мен аналарды құттықтады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов аналарға әдемі гүл шоғын, әкім атынан құттықтау хаты мен балалар арбасын ұсынды.

Бүгін аналар, арулар мерекесі. Біреулерін алғаш рет ана атанып, екіншілерін таңы бір мәрте ана бақытын сезініп отырсыздыр. Шынайы бақыт та, мейрам осы ғой, - деп жылы құттықтады Басқарма басшысы. 

кут89.jpeg

Аналар мен сәбилерді құттықтауды аудандық әкімдіктер де жалғастырды. Қала басшылығы бақытты аналарды сәбинің өмірге келуімен қоса, әйелдер мерекесімен де құттықтауды ұмытпады. Бақыт, денсаулық, молшылық тілеп, гүл мен сыйлықтарын ұсынды.

Сағат таңғы 11-ге сәйкес елорда бойынша жалпы 25 бала дүниеге келді. Оның 11-і қыз және 14 ұл бала.


 

 

Өзгелердің жаңалығы