Елордада 8 наурыз күні қанша сәби дүниеге келді?

10 Наурыз 2022, 04:33
1138
Бөлісу:
Елордада 8 наурыз күні қанша сәби дүниеге келді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық әйелдер күні елордада 51 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 8 наурыз күні бір тәулік ішінде қаланың перзентханаларында 51 шақалақ дүниеге келді.

Екі жыл қатарынан бұл күні туу көрсеткіші бойынша ұл балалар көш бастап тұр – 32, ал қыз балалар саны – 19.

Сәбилер де, аналарының да жағдайы жақсы.

Өзгелердің жаңалығы