Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева елорда бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай турасында өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде айтты.
Қазіргі кезеңде Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік және аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ, КВИ-ді қоспағанда, вакцинамен басқарылатын инфекциялар спорадиялық жағдай түрінде тіркелді, қызылшадан басқа, оның 657 жағдайы тіркелген (көрсеткіш- 138,0), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 74,4% -ға төмендегені байқалады. Өткен жылдың осы кезеңі деңгейінде жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанушылық тіркелген, жіті ішек инфекциялары тобымен сырқаттанушылық 30,4%-ға, сальмонеллезбен сырқаттанушылық 20,65%-ға, туберкулезбен сырқаттанушылық 35,61%-ға, педикулезбен және энтеробиозбен сырқаттанушылық 13,01%-ға төмендегені байқалады. А вирусты гепатиті (ВГА) бойынша өсім 2,5 есе байқалады, - деді дәрігер.
Жанна Прәлиева баяндамасы барысында жас құрылымы бойынша 40-тан 65 жасқа дейінгі адамдар арасында вирус жұқтырғандар санының өсімі байқалатынын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласында елімізде 13 наурыздан бүгінгі күнге дейін 14084 зертханалық расталған КВИ (оның ішінде 8645 симптомды және 5439 асимптоматикалық) және 540 КВИ (вирус сәйкестендірілмеген) жағдайы тіркелген. Жас құрылымы бойынша 40-тан 65 жасқа дейінгі адамдар арасында вирус жұқтырғандар санының өсімі байқалады. Егер КВИ-ді тіркеудің басында қалада ерлер арасында ауырғандардың үлес салмағы басым болса және 60,3%-ды құраса, онда 8 айдың қорытындысы бойынша ауырғандардың үлесі артып, 53%-ды құрады, - деді ол.
Қаланың бас санитарының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта КВИ ауруының жағдайларын тіркеу жалғасуда, тәулігіне симптомдары бар аурудың басымдығымен 3-тен 20-ға дейін жағдай тіркеледі. Ересектер арасында да, мектеп жасындағы балалар арасында да тіркеу бар.