Елордада 4 үйдің кіреберісі карантинге жабылды

<p> Карантинге жабылған аумақ ескерту белгілерімен қоршалған және полицейлер күзетіп жүр.&nbsp; </p> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 3 Мамыр 2020 2020, 11:44
3 Мамыр 2020 2020, 11:44
1393

Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше тұрғын үй кешенінің төрт кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы хабарлады.

2 мамыр күні қаладағы әртүрлі тұрғын үй кешенінің төрт кіреберісі карантинге алынды, оның ішінде "Номад" ТК-де бар. Үйдің кіреберістеріне дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға далаға шығуға тыйым салынған, олар үй карантинінде болады. Бұл подъездерге бөгде адамдардың кіруіне де жол жоқ,-делінген хабарламада.

Карантинге жабылған аумақ ескерту белгілерімен қоршалған және полицейлер күзетіп жүр. 

Үйдің кіреберістері қаланың санитар дәрігерінің қаулысына сай карантинге жабылды. Бұл шараның барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр,-делінген хабарламада.

Қала билігінің мәліметінше, қазіргі таңда 21 подъезд карантинге жабылған.

Наверх