Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды. Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды. Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді, - делінген ведомство хабарламасында.