Елордада 3 мыңнан астам интернет алаяқтық жасалған

28 Қыркүйек 2021, 12:15
3929
Бөлісу:
Елордада 3 мыңнан астам интернет алаяқтық жасалған
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов журналистерге берген брифингте айтты.

Интернет алаяқтық соңғы кезде кеңінен тараған қылмыс түріне айналды. Жыл басынан бері елорда бойынша 3250 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 135 пайызға көп болып отыр. Пандемия кезінде онлайн қызмет көрсету артты. Полиция департаменті интернеттегі алаяқтықпен мамандандырылған арнайы топтарды құрды. Биыл полиция қызметкерлері 110 алаяқты ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар 150 млн теңге сомаға залал келтірді. Жауапкершілікке тартылған 45 адамның ішінде 2 немесе одан да көп қылмыс жасаған күдіктілер бар, - деді Бөлегенов.

Елордада 3 мыңнан астам интернет алаяқтық жасалған

Мысалы, Түркістан облысының тұрғыны 150-ден астам қылмыс жасаған.

Елордада 3 мыңнан астам интернет алаяқтық жасалған


Оны алаяқ ақша айналдыру бойынша жасаған. Instagram желісінде ақша қою бойынша жалған хабарландыру жариялаған. Интернет алаяқтыққа қарсы күрес бойынша криминалдық полиция қызметкерлері үнемі оқытудан өтеді, - деді ол.

Елордада 3 мыңнан астам интернет алаяқтық жасалған

Өзгелердің жаңалығы