Елордада 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапқа тартылды

8 Қараша 2024, 21:18
330
Бөлісу:
Елордада 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Елордада “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. 

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аумағындағы тұрғындармен танысып, азаматтардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерді тексеруде. 

Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 6 мыңға жуық адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 400-ден астам азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 1800-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы