Елордада 13 көліктің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

8 Қаңтар 2021, 01:16
1159
Бөлісу:
Елордада 13 көліктің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы автожуу бекетінде 13 көліктің өртену фактісіне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Қалалық полиция департаменті осы іске қатысты тергеп-тексеру ісін жүргізуде.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 292-бабы бойынша қылмыстық іс (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша көлік жуу орнында өрт болып, 13 жеңіл автокөлік зардап шеккен болатын.

Өзгелердің жаңалығы