Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы автожуу бекетінде 13 көліктің өртену фактісіне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Қалалық полиция департаменті осы іске қатысты тергеп-тексеру ісін жүргізуде.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 292-бабы бойынша қылмыстық іс (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша көлік жуу орнында өрт болып, 13 жеңіл автокөлік зардап шеккен болатын.