Елордада 1085 интернет алаяқтық тіркелді

4 Сәуір 2024, 11:32
227
Бөлісу:
Елордада 1085 интернет алаяқтық тіркелді
Фото: скрин

Астанада интернет алаяқтық бойынша 1085 қылмыс тіркеліп, 229-ы ғана ашылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Жақай айтты.

Азаматтарға келтірілген залал 500 млн теңгеден асады. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қылмысты тіркеудің 11,5%-ға төмендеуіне қол жеткіздік. Елімізде цифрландыру жаппай сипат алуда. Тұрғындар ақша, қаражаттарды аудару секілді барлық құжаттарды қашықтан алуы нтернет алаяқтарға таптырмас мүмкіндік беріп отыр, - деп атап өтті спикер.

Өзгелердің жаңалығы