Елордада өңірлік ЖРО-ның жұмысы талқыланды

30 Қазан 2019, 12:59
3135
Бөлісу:
Елордада өңірлік ЖРО-ның жұмысы талқыланды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбекқор жастар» ақпараттық кампаниясы аясында «Жастар ресурстық орталықтары еңбек нарығының жаңа болмыстарында» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40-тан астам адам қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйледі, ол жастар ресурстық орталықтары жастар саясатының тірегі екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2019-10-30 at 12.24.15 (1).jpeg

«Қазіргі таңда еліміз бойынша 210-ға жуық жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Олар жастар саясатын жүзеге асыру, жұмысқа орналастыру, кеңес беру, қайта мамандандыру қаралы жұмыстар бойынша көмек көрсету және т.б. міндеттерді атқарып келеді», - деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр ЖРО-да іске асырылып жатқан қолда бар бағдарламалардың арқасында жұмыссыз жастардың саны қысқарғанын, алайда қазіргі уақытта жұмысқа орналасу мәселелері бар екенін атап өтті.

«Бүгінде біз жұмыссыз жастардың қысқарған динамикасы бар екенін білеміз. Соңғы мәліметтер бойынша ол 3,8%-ды құрайды. Сондай-ақ NEET (Not in Education, Employment or Training) санаты 2019 жылдың екінші тоқсанында 7,6%-ға қысқарды. Осыдан-ақ мемлекеттік органдар, жастар саясаты органдары, соның ішінде жастар ресурстық орталықтары да жақсы жұмыс істеп жатқанын көруге болады», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-10-30 at 12.24.13.jpeg

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушев семинарға қатысушыларға арнаған сөзінде жастарды қолдауға бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар еңбек нарығындағы қалыптасқан үрдістерді талқылады. Спикерлер ретінде пікір көшбасшылары сөз сөйледі, олар оқыту семинары аясында дуальды білім беру, дағдарысты басқару, жобалық менеджмент және басқа да бағдарламалар туралы айтып берді.бағдарламалар бойынша ақпаратты жеткізудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Егер Еңбек министрлігі туралы айтатын болсақ, біз тек бағдарлама жасап қана қоймай, оны жүзеге асыруға міндеттіміз. Өкінішке қарай, Еңбек министрлігіне келгенге дейін мен «Еңбек» бағдарламасы туралы білмедім. Мен Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтары бар екенін білмедім. Мен өзімді сауатты деп санадым, теледидарды көрдім, әлеуметтік желілерде отырдым, бірақ осы бағдарламаларға қатысты ақпаратты кездестірмедім. Сондықтан, мұнда әрбір адамға қандай бағдарламалар бар, қандай ыңғайлылық бар және қандай механизмдерді пайдалану қажет екенін жеткізу өте маңызды» - дейді Нариман Мукушев.

Іс-шараға «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты, олар «Бастау», «Жас кәсіпкер» сияқты бағдарламаларға қатысты өзекті ақпаратпен бөлісті.

WhatsApp Image 2019-10-30 at 12.24.10 (1).jpeg

Іс-шара барысында қатысушылар еңбек нарығындағы қалыптасқан үрдістерді талқылады.

«Біз жастарға не істеу керектігін түсіндіріп қана қоймай, қай жерде қандай мүмкіндіктер барына бағыт-бағдар беруді көздедік. Бұл мәселеде қаржылық кедергілер болды. Жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыс істедік. Олар болмағанда аптасына 1-2 күн келіп, бізге келетін жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп берсе дегенбіз. Алайда бізге нақты сала бойынша білікті мамандарды емес, практиканттарды жіберді. Яғни, бұл жұмыстан да нәтиже шықпай отыр. Ал Жастар ресурстық орталығының мамандары отырып жұмыс істейтін орын жоқ десек болады. Қазіргі отырған ғимаратымыз тар. Сондықтан, «Атамекен» ҰКП-ның тұрғындарға бағыт-бағдар беретін мобильдік орталықтарда ЖРО мамандары да отырса деген ұсынысым бар» - дейді Шымкент қалалық ЖРО басшысының орынбасары Данияр Алан.

WhatsApp Image 2019-10-30 at 12.24.14.jpeg

Спикерлер ретінде пікір көшбасшылары сөз сөйледі, олар оқыту семинары аясында дуалды білім беру, дағдарысты басқару, жобалық менеджмент және басқа да бағдарламалар туралы айтты.

WhatsApp Image 2019-10-30 at 12.24.15.jpeg
Сонымен қатар, ШҚО ЖРО директорының айтқан ұсыныстары мен талап-тілектерін алдағы уақытта сайтымыздан оқитын боласыздар.
Өзгелердің жаңалығы