Елордада Ақмола және СҚО өңірінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

19 Қазан 2019, 11:18
4510
Бөлісу:
Елордада Ақмола және СҚО өңірінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы бүгін-ертең аяқталады.

Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы 26-27 қазанынан 19-20 қазанға ауыстырылды. 

Бұл күндері екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен  Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі Хан шатыры ОСО аумағында бірге өтеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы тамыз айының соңында басталған болатын. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты. Аталған жәрмеңкеге өңірлер  3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкеліп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатты.

Өзгелердің жаңалығы