Елорда тұрғыны 150 шақырымдық қысқы велошеруден Қазақстан рекордын орнатты

11 Ақпан 2022, 16:38
1373
Бөлісу:
Елорда тұрғыны 150 шақырымдық қысқы велошеруден Қазақстан рекордын орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай «150 жылдыққа 150 шақырым» атты  велошеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шара Қазақстанда осындай қашықтықтағы алғашқы веломарафон ретінде рекордтар кітабына тіркелді. 

Бұл соло тәсіліндегі велошерудің жалғыз қатысушысы Ернат Қашқынов. Ол «Триатлон паркі» аумағында  150 шақырымдық қысқы велошеруді 9 сағат 56 минутта жүріп өтіп, рекорд орнатты. Ернат Мелсұлы, әуесқой велошабандоз: – Қыста веломарафон жасап, жазғы веломараф түк емес екенін түсіндім. 

Енді қыста жаздағыдай зымыратып жүре алмасыз. Ең көп жүре алғаным 15 шақырым болды. Жазда 30 шақырымға дейін барады негізі. Жердің бәрі мұз. Бұл кісіні дүниежүзі мойындады ғой. Юнеско көлемінде тойлайын деп жатыр. Биылғы тізіміне Роза Бағланованың да 100 жылдығы.
 

Өзгелердің жаңалығы