Елорда тұрғындары дәрігерлерге алғыс ретінде үлкен «жүрек» тоқып шықты

2 Шілде 2021, 14:51
1765
Бөлісу:
Елорда тұрғындары дәрігерлерге алғыс ретінде үлкен «жүрек» тоқып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой тоқымашылар Нұр-Сұлтанда «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Елордалық амфитеатрда олар тоқуды үйренгісі келетіндер үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, пандемиямен күресте алдыңғы шепте тұрған дәрігерлерге алғыс ретінде үлкен «жүрек» тоқып шықты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға кәсіби шеберлер де, осы іске жаңадан келгендер де қатысты. Іс-шара карантин кезінде қала тұрғындарын қолдауға бағытталған.  Кездесуге қатысушылар өз қолдарымен елордалық аурухана пациенттеріне арналған киімді де тоқыды.

Елорда тұрғындары дәрігерлерге алғыс ретінде үлкен «жүрек» тоқып шықты

Ал медицина қызметкерлеріне арналып тоқылған жүрек болашақта елорда аудандарының бірін безендіреді.

Іс-шараның ерекшелігі оған мүмкіндігі шектеулі және психоәлеуметтік бұзылыстары бар адамдардың қатысуы болып саналады. Денсаулығына байланысты қиындықтарға қарамастан адамдардың бұл санаты тоқыма бұйымдарын үйрену арқылы ақша табуға мүмкіндік алады, - дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, акция аясында Үздік тоқыма бұйымы байқауы өтті, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға кіру ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асырылды.


Өзгелердің жаңалығы